Егер, әріптесіңіздің үнемі адам төзгісіз мінезіне душар болсаңыз, бұдан шығар жолды интернеттен іздеп тапсаңыз болады. Ал, қалғандары үшін адам төзгісіз әріптес өзіңіз болсаңыз ше?
Бұл шындық па, әлде жай ғана сандырақ па, қалай білуге болады? Әріптестердің көзайымы болғым келсе ше?
Бәрі де оңай, әріптестеріңіздің әрқайсысы үшін теңдессіз жұмысшы болыңыз
Егер, біздің кеңестерімізге құлақ ассаңыз, тек жаман атты болудан сақтанып қана қоймай, әлемдегі теңдессіз қызметкер атанасыз.
1. Уәдеге берік болыңыз.
Әр айтқан сөзіне ұқыпты, уәдесіне берік адам кімнің де болса, көңілінен шығады. Солай емес пе? Кеңсе жұмыстарын дер кезінде аяқтап, құжаттарды келісілген уақытта өткізіп отырсаңыз, сізге сенуге болатынын көрсетесіз. Ал, әріптестеріңіз өз кезегінде сізбен бірлесіп, сізді жоғалтып алғылары келмейді.
2. Бауырмал болыңыз. Тек өзіңізге керек кезде ғана емес, ҮНЕМІ!
Әр адам өз жұмысының еленгенін қалайды. Алайда, кішігірім алғыс айтуды үнемі басшылықтың мойнына арта салады. Немесе, әріптесін өз пайдасы үшін қолданады. Мысалға, «Құжаттарды керемет рәсімдепсің, мен асығып бара жатыр едім, менің жоқтығымды білдіртпеші». Бұдан гөрі жай ғана құттықтап, қолдау танытсаңыз да болады. Бірақ, қолдау танытамын деп күмәннің астына қалып қоймаңыз. Тек, жүрегіңізбен мақтап қойыңыз.
3. Өзгенің уақытын өзіңіздікіндей қадірлеңіз
Қарбалас күннен кейін үйге енді қайтамын ба дегенде, біреудің қолқа салуымен жұмыста түнеп шыққыңыз келмейді ме? Онда өзгенің уақытын өзіңіздікіндей құрметтеңіз. Дер кезде жұмысқа келіп, берілген тапсырманы уақытында орындап, өзгенің сізге айтқан өтінішін орындап отырсаңыз, ешкімнің сізге алғыстан басқа айтары қалмайды. Олар сіз өздерін де, уақыттарын да қадірлейтініңізді ұғады.
4. Ыңғайсыз жағдайды әрі қарай ушықтырмаңыз.
Бүгінде электронды жәшік-жұмыстың ажыратылмас бөлігі. Жұмыс қарбаласымен ол күн сайын жүздеген хаттар мен хабарламаларға толып жатады. Басы қатып, хаттардың астында қалған әріптестеріңізді өзіңіздің түсініксіз, байланысы жоқ хабарламаларыңызбен мазаламаңыз. Алдымен, электронды хат жіберудің 23 әдісі мақаласымен танысып, кейін ғана жібергеніңіз дұрыс болар. Әріптестеріңізді өз артыңыздан әр хатты түсіну үшін сұрақтармен жүгіргенін қаламасаңыз, жағдайды ушықтырмаңыз.
5.Өз қателіктеріңізді мойындаңыз.
Әрине, қателік жасау әр адамға тән. Бірақ, қателігін мойындау көбінің қолынан келе бермейді. «Менікі дұрыс! Жоқ, дұрыс дедім ғой!» деп шыңғыра бергенше, «Кешірерсіз, қателік жіберіппін» десеңіз, құрметке ие боласыз. Бәрі артыңыздан сыбырласқанша, өз аузыңызбен кінәңізді мойындағаныңыз жөн.
6. Қыр соңынан жүгірмеңіз.
Күнделікті өмірде әріптестермен сөйлеспей жүруге болмайтын сияқты. Ыстық кофені қолға алып, демалысты кіммен және қалай өткізгеніңізді айту бәріне ұнайтын сияқты болып көрінеді. Бірақ, ұнатпайтындары да бар. Оны білмеп пе едіңіз?!
Егер, әріптестеріңізді бағалай алсаңыз, олардың көңілін де байқауыңызда ұстаңыз. Кейбіреуі әдетті «мен бақыттан басым айналып…» деген байланыссыз әңгімелерден гөрі жұмысқа кірісіп кеткенді жөн көреді.
Егер, әріптесіңіздің іші пысып, тезірек бұл әңгіменің аяғын күтіп отырғанын байқасаңыз, тезірек аяқтап, өз ісіңізге кірісіңіз.
7. Шетте қалмаңыз!
Әрине, қыр соңынан қалмай жүгірме деген сөз мүлдем өміріне араласпа дегенді білдірмейді. Жан достар болмасаңыз да, араласып тұрыңыздар. Мүмкін, кейбір әріптестеріңізбен жақын байланыс орнататын шығарсыз. Бірге серуендеп, көңіл көтеріп тұрған да жөн. Жеке өміріңіздің кейбір бөліктерін көрсетіңіз.
Бұл да көмектеспей жатса, тоқаш дайындап жұмысқа апарыңыз. Сізді жақсы көрмесе де, тоқашты жақсы көрмейтін адам жоқ сияқты. Солай емес пе?!
Оставить комментарий