Бизнес-жоспар деген не? Ол не үшін керек?

Бизнес-жоспар мен бизнесті жоспарлау деген не?

Бизнес-жоспар кім үшін қажет? Ол қалай қолданылады?? Бизнес-жоспар деген не өзі? Кәспіке кішкене болса да қатысы бар адамдардың бәрі бұл сұрақтың жауабын білуі қажет.

Алдымен,сізді қорқытып отырған «бизнес-жоспар» деген терминнің анықтамасымен танысайық. Қарапайым сөзбен айтсақ, бизнес-жоспар дегеніміз- кәсіпті толық ,әрі нақты жоспарлау. Жақсы идея,әрине,жақсы. Бірақ, сол идеяңызды сандармен зерттеп, кестеге салып, баспалық түрге аудару қажет. Бұл-тек басы.

Бизнес Жоспар кімге қажет?

Бірінші кезекте, кәсіпкердің өзіне қажет. Дәл бизнес-жоспар ойластырылған кәсіптің іске асатынын немесе аспайтынын көрсетеді. Сандар арқылы идеяңыздың мінсіздігіне көз жеткізсеңіз, өзгелерді де көндіру оңайға түседі.

Ал, «өзгелер» жолыңызда кеңінен кездеседі. Олардың бәрін сіздің ісіңізге қаржы құюға, қолдау көрсетуге көндіру қажет. Тек, бұны жүзеге асыру оңайға түспес. Сіздің кәсібіңіз бұл адамдардың да қалтасын жуандататынына қалай сендіресіз. Оның үстіне, кәсіпті бастауға әкімшіліктің де қарауынан рұқсат болу керек. Иә, бұдан да он есе көп адамдардың бәрін көндіру, сендіру және тағы да көндіру қажет.

Бизнес-жоспар

  • Салықтарды уақытылы төлеп отыруыңызға;
  • Сіздің кәсібіңіз санаториялы-гигиеалық және қауіпсіздік нормаларына сәйкес болатындығына;
  • 1000 пиццаны сататындығыңызға, жалақыны уақыты беретініңізге;
  • Пиццахана сіздің қалаңызға қажет екендігіне.

Бұл жоспарға көз жүгіртіп, өзіңізге «Қолымнан келеді ме?» деген сұрақтың жауабын алыңыз. Өз күшіңізге сенімді болсаңыз, өзгелерді де кәсібіңіз қаржылай көмекті толықтай жабатындығына көндіру түк емес.

Әр кәсіпке жеке жоспар құру қажет

Әрине, әр кәсіптің жеке жоспары: оның нақты жоспарлануы, спецификасы, егжей-тегжейлі қарастырылған бөлімдері болуы қажет. Барлық бизнес-жоспарларын жіктегенде, төрт бастапқы бөлімін байқауға болады.

  • «өзіңізге арналған бизнес жоспар»;
  • «Басшылыққа арналған бизнес-жоспар »;
  • «Банкқа арналған бизнес-жоспар»;
  • «Инверсторларға арналған бизнес-жоспар».

Бизнес-жоспар

Әр бөлімге жеке тоқталайық. «Өзіңізге» арналған бизнес-жоспар толық құжаттар тізімін, нақты даму тізбегін, толық және шынайы сандарды қарастырады.

Бұл жоспар кәсіп жүргізілген уақытта өзгеріп отырады.  Және кәсіпті нақты басқарудың негізгі ережесі болып табылады.

Жоба мақсатының бастапқы бағасын беру

Нарықты түбегейлі зерттеп, тауар туралы толыққанды ақпарат, табыс пен шығыстың анализі, бастапқы мақсаттың нәтижесі қарастырылған, 20-30 беттен тұратын есеп немесе құжат. Бұл бизнес-жоспарының мақсаты- жобаның басында қате нұсқалардан арылу.

«Басшылыққа арналған бизнес-жоспар». Бастыққа тапсыру үшін жасалады.  Бұл құжат ресур көздерін дұрыс қолдану, инвестицияларды мақсатты түрде жұмсау, компаниянының белгілі уақыт ішінде дамуы сияқты сұрақтарды қарастырады.

Бизнес-жоспар

«Банкқа арналған бизнес-жоспар». Келесі бөлімдерді қарастырады:

-Танысу парағы. Банкты жұмысыңызбен таныстыру үшін оған бизнес-жоспарды табыстап, олардың толыққанды пакет көмегін алу қажет. Бұл құжат қарапайым өз сөздеріңізбен толтырылады. Көлемі– 20-30 бет.

— Банкті жобаңызбен қызықтыру.  Құжаттың бұл түрі -идеяның түпкілікті түрі мен құрастырушылары, жобаның пайдалы жақтары жайлы есеп. Өз сөзіңізбен жазылған 20-30 беттен тұрады.

Банктен инвестиция мен қарыз алу үшін. Жобаның көлеміне байланысты, бұл құжат 50 мен 300 бет көлемінде жазылады. Құрамына толыққанды құжаттар тізбегін қосады.

«Инвесторлерге арналған бизнес-жоспар ».  Жоспардың бұл түрі инвестормен арадағы қарым-қатынасқа байланысты. Әдетте, инвесторлерді қызықтыра алатын презентация ретінде жазылады

Бизнес-жоспар.

Жоба туралы қысқаша ақпараттан тұрады. Құжаттың бұл түріне қатаң талап қойылады. 15-20 беттің көлемінде жоба туралы басты және нақты ақпаратты жеткізіп үлгеру қажет.

Инвестициялық сұраныс –қалталы адамды жобаңызға қаражат құю үшін тапсырылатын құжат. Құжаттың бұл түрі ережелер мен шарттардан тұрады. Дәл осы шартқа басты назар аударылады. Қалғаны тығыз түрде жеткізіледі.

«Бизнес-жоспардың құрамы»

Бизнес-жоспардың түрлері көп болғанымен, құрамы ұқсас келеді. Сонымен, бизнес-жоспардың бөлімдері:

  1. Титулдық бет. Өндіріс орнының атауы, оның мекен-жайы, кері байданыс нөмірлері, жоба бағасы, оның жасырындылығына сілтеме қалдырылады.
  2. Кіріспе бөлім.  Жоба жайлы жалпы ақпаратты,тауар,бағасы,шығыстары мен кірістерін қарастырады.
  3. Тауар жайлы ақпарат. Тауардың түрі, оның басымдылығы, өзгешелігі, қорғалған құқықтары және т.б. ақпарат қарастырылады.
  4. Маркетингтік стратегия.Қарастырылған баға, оны тарату жолдары, жарнама сұрақтары, нарықта алар орны зерттеледі.
  5. Структурный план предприятия.Кәсіпорынның құрамдық жоспары. Құжаттың бұл түрі кәсіпорынның толыққанды құрамы, жұмысшыларды қамту орнымен таныстырады. Әкімшілік пен жұмысшы күші жайлы бар өзекті мәселелердің шешіміне де тоқталады.
  6. Қаражаттық жоспар. Өзіне жоспарланып отырған табыс пен шығыс көздерін, активтер мен пассивтер жайлы ақпаратты кіргізеді. Инвестициялар мен қарыз да осы бөлімде қарастырылады.
  7. Өндірістік жоспар. Өндірістік режимді толыққанды қарастырады. Құрал-жабдық саны, өндіріс көлемі, тауардың бастапқы бағасы жайлы зерттеулер жүргізіледі.
  8. Қауіп-қатер мүмкіндігі. Кез-келген мүлтіксіз жоспардың өз кемшіліктері болады. Сондықтан, сақтандыру полюсінің көмегін қарастырып қойыңыз. Көлік, жүк машинасы, құрал-жабдықтарды сақтандырып қойыңыз.

Кәсіпті табысты жоспарлудың мүмкіндігі қандай болмақ?

Кез-келген жұмыстағыдай, өз кәсібіңізді жоспарлаудың қитұрқы әдістері бар. Солардың өзектілері:

Бизнес-жоспар неғұрлым қарапайым болған сайын, оның жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады. Кәсіпкер ретінде сіздің мақсатыңыз- кәсібіңізді оңтайлы және еш қиындықсыз жүргізу. Сондықтан, жоспарлағанда, артық қиялға берілмеңіз.

Бизнес-жоспар

Шығысты қатаң бақылауда ұстаңыз. Тіпті, тым қатаң бақылау да артық етпейді. Ақшаны оңды-көкке шашсаңыз, көк тиынсыз қаласыз. Икемді жоспарлаңыз. Нарық әрдайым өзгеріске толы, бейімделе біліңіз. Күн сайын нарықты зерттеңіз.

Не де болса, табысты кәсіп жоспарлаудан басталады. Жоспарлап қана қоймай, жоспармен дұрыс қолданыңыз.

Оставить комментарий

  Подписаться  
Уведомление о