SMM деген не? Жаңадан SMM бастаушылар үшін.

SMM деген не? SMM (Social Media Marketing) — бұл әлеуметтік медиа маркетинг, яғни брендті, өнімдер мен қызметтерді жылжыту үшін әлеуметтік медианы пайдалану. Бүгінгі таңда әлеуметтік медиа әлемдегі ақпарат пен коммуникацияның негізгі көздерінің бірі болып табылады, сондықтан оны бизнесті алға жылжыту үшін пайдалану қажет.

SMM-нің негізгі қағидасы — аудиториямен өзара әрекеттесу. Яғни, өз брендіңізді ұсынып қана қоймай, әлеуетті клиенттермен диалог құру қажет. Ол үшін аудиторияның назарын аударуға және олардың қызығушылықтарын тудыруға мүмкіндік беретін мәтіндер, суреттер және бейнелер сияқты әртүрлі контент түрлерін қолдану қажет.

смм деген не смм канша акша табады таргетолог визуал деген не ол

Әлеуметтік медиа контент құру — бұл мақсатты аудиторияны (целевая аудитория) түсінуді, тануды және олар үшін  қызықты да пайдалы контент құруды қажет ететін өнер. Сондай-ақ, пайдаланушылардың пікірлеріне жауап бере отырып, брендтің әлеуметтік медиа беделін сақтай білу өте маңызды.

SMM маманы не істейді?

SMM маманы брендтің немесе компанияның әлеуметтік медиадағы (Instagram, VK, Tiktok) аккаунттарын басқарып, жүргізеді. Ол әлеуметтік медиа парақтарында қызықты және ерекше контент жасайды (фото немесе видео), аудиторияны қызықтырады және олармен өзара әрекеттеседі. СММ маманы пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді, жарнамаларды орналастырады және жарнаманың нәтижелерін талдайды. Мысалы, СММ маманы Instagram-да посттарды құра алады, конкурстар мен акцияларды өткізе алады, пікірлер мен хабарламаларына жауап береді.

Инстаграм SMM жұмысының үш түрі бар:

1. Аккаунтқа визуал контент түсіріп жасау

Визуал деген не? Визуал — бұл Instagram аккаунтының жалпы көрінісі: стиль, түстер, фотолар, олардың өзара комбинациясы мен лентада орналасуы. Жалпы, визуалмен айналысатын адамды кейбір кезде контентмейкер, кейбір кезде визуализатор деп атайды. Инстаграмда визуал жасау нені білдіреді:

  • тауарларды немесе адамдарды суретке түсіріп, лентаны жоспарлау
  • шаблондар, посттарға және сториздерге арналған дизайн жасау;
  • суреттер мен видеоларға (Reels) арналған сюжеттер мен жанрларды жоспарлау;
  • фотосуреттерді өңдеу және оларды дұрыстап реттеп орнату;
  • қаріптердің (шрифт) және түстердің келісуі;
  • бренд танытуға арналған ерекше элементтер ойлап табу.

smm визуал деген смм визуал не істейді

Аккаунтқа кіргенде, келушілер ең бірінші кезекте аккаунттың көрінісіне назар аударады. Нашар дизайн, сапасыз суреттер, әлбетте, сенім тудырмайды. Егер парақтың иесі оның бет-бейнесі болып табылатын визуалға көп көңіл бөліп, тырыспаса, онда өнімнен не күтуге болады? Мұнда тікелей байланыс жоқ екені анық. Әдемі беттің артында нашар сапа болуы мүмкін және ең қызықтысы, керісінше — өнімнің сапасы жоғары болуы мүмкін, бірақ оны дұрыстап әдемілеп ұсынбаған. Қалай болғанда да, әр бизнеске деген көзқарас алғашқы әсерге, визуалға, байланысты.

Қорытындылай келе, визуал мен контент  — SMMның ең негізгі бірінші шеберлігі.

2. Сториз түсіру.

“Сториз көбірек болсын!” — SMM маманының ұраны.

Қазіргі таңда, стористің танымал болғаны соншалық, әдеттегі жазбалардың шығу жиілігі төмендеді. Яғни, бірінші орынға лентадағы посттар ұсынылмайды, олар күніне 1 рет жариялауға жеткілікті, бірақ сториздар…! SMM менеджері көбінесе күніне 2-5 сториз жариялауы керек. Мықты контент стратегиясы барлық ресурстарды стористарға бағыттайды. Сондықтан қазір стильді және қызықты сториздарды жасай алатын мамандарға деген қажеттілік артты.

3. Таргет жарнаманы жасау

Таргет жарнама — бұл ірі брендтерге де, кез-келген адамға да қажетті аудиторияға жетуге мүмкіндік беретін қуатты құрал. Инстаграмдағы таргет жарнама — SMMшы немесе таргетолог орнатқан параметрлерге сәйкес келетін пайдаланушылар ғана көретін жарнаманы жылжыту тәсілі. Басқаша айтқанда, Инстаграмдағы таргет жарнама посттарды тек қызығушылық танытуы мүмкін адамдарға таратуға мүмкіндік береді. Бұған әртүрлі параметрлерді қолдану арқылы қол жеткізіледі. Мысалы, географиялық орналасуы, жасы, жынысы, қызығушылықтары, интернеттегі мінез-құлқы және мақсатты аудиторияны дәл анықтауға және оған жарнама арқылы қол жеткізуге мүмкіндік беретін басқа факторлар.

таргет деген не таргетинг жарнама деген не таргетинг казакша қазақша

Мақсатты жарнаманың қиындықтарының бірі-мақсатты аудиторияны дұрыс таңдау және жарнама параметрлерін реттеу. Дұрыс таңдалмаған аудитория немесе дұрыс емес параметрлер ақшаның жоғалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан СММ таргетологтың әртүрлі бағыттарда және әртүрлі бюджеттерде тәжірибесі болуы маңызды. Сіз не тәуекел ететініңізді және не дұрыс емес болуы мүмкін екенін түсінуіңіз керек.

SMM маманы қанша табады?

СММ маманы көп ақша таба алады. Мұның бәрі оның кәсібилігіне, қай жерде жұмыс істейтініне және қалай жұмыс істейтініне байланысты. SMMшыда екі вариант бар: SMM агенттік компанияда немесе қарапайып компанияның Маркетинг бөлімде жұмыс істеу. Екінші нұсқа: өзімен өзі бөлек шығып, бірнеше клиенттерді алып, фрилансер болуға болады.

Егер біз SMM маманының компаниядағы жұмысын қарастыратын болсақ, онда Headhunter.kz деректер бойынша SMM менеджер 150 000 теңгеден 600 000 теңгеге дейін табыс таба алады. Мұның бәрі тәжірибеге және компанияға байланысты.

smm маманы қанша ақша табады смм арқылы ақша акша

Егер біз SMM фрилансердің табысын қарастыратын болсақ, онда оның бәрі бір уақытта қанша жоба жүргізе алатындығына байланысты. Бір Instagram парақтың жүргізуінің бағасы 50 000-нан 300 000 теңгеге дейін болуы мүмкін. Мұның бәрі бағыттын қаншалықты күрделі екеніне және қанша жұмыс істеу керек екеніне байланысты. Stories шығару керек пе? Суреттерді түсіріп, бейнелер түсіру керек пе? Конкурстар өткізу керек пе? Таргет жарнаманы жүргізу керек пе?

Кейде SMM фрилансерінің шағын командасы болады: видеограф, фотограф, таргетолог, визуализатор, копирайтер. Бірақ ол көптеген жобалар болған кезде. Негізінен, бұл дағдылардың барлығы бір адамға сәйкес келеді. Бір фрилансер бір жобадан он жобаларға дейін жүргізе алады. Бұл жағдайда сіз айына 500 000 теңгеден артық ақша оңай таба аласыз, өйткені Интернетте алға жылжып келе жатқан шағын компаниялар өте көп. Бұл пиццериялар, суши барлары, сұлулық салондары, косметологтар, шаштараздар және тағы басқа Instagram клиенттерін қалайтын көптеген шағын бизнестердін түрлері. Олар өте көп және де оларда үлкен SMM агенттіктерін жалдауға қаражаттары жетпейді.

Қызық па?

Егер қызықты болса, біз SMM тақырыбында үнемі мақалаларды жаза аламыз. Жағдайлар мен мысалдар, мамандармен сұхбат, оқыту және пайдалы мақалалар. Төменде пікірлерді сұрақтарды қалдырыңыз

2
Оставить комментарий

2 Авторы комментариев
  Подписаться  
Уведомление о
Гулнара

SMM маманың қалай бастауға болады ?оған жас маңыздыма