Мұсылман ілімінде қайырымдылық жасаған, яғни садақа берген адамдар ғана гүлденеді делінген. Маған «Садақаны қалай дұрыс жолмен беруге болады? Біреуге бірдеңе бере отырып, өзіңе зиян жасауға бола ма?» деген сұрақты жиі қояды. Ия, болады. Сол себепті кімге және нені садақа есебінде беруге болатының білу өте маңызды.
Тіршілік
Табыскерлерге арналған веб-сайттың «Тіршілік» бөлімінде сіздің өміріңізді тиімдірек басқаруға және жеке мен кәсіби мақсаттарға жетуге көмектесетін пайдалы ақпаратты пен кеңестерді ұсынамыз.
Бұл бөлімде сіз жеке өнімділік, өзін-өзі дамыту, денсаулық, қарым-қатынас, қаржы және т.б. туралы мақалалар мен ұсыныстарды таба аласыз.
Таңертен оянуға қалай болады? 17 кеңес
Қыс таяған сайын, біз де аюлар сияқты ұйқыға бейім боламыз. Таңертең оянуға қалай болады деп ойласаңыз Tabysker.kz ұжымы жастықпен қоштасудың үздік әдістерін топтастырды. Бұл қиындық сіздің де бойыңызда болса, онда танысып, оқып алыңыз.
Дағдарыс кезінде қолданар 5 қарапайым кеңес
Интернетте болып жатқан қызу талқылау мен адамдар арасындағы соңғы әңгімелерге құлақ ассақ, бұл жаппай психикалық ауруға дағдарыс кезінде ұшыраған ауруларды елестетеді.
Доллар мен еуроның өсуі еңбек нарығында шешуші рөл атқаратындықтан, тұрғындардың мінез-құлығы күрделі ауытқуларды бастан кешіреді. Сонымен қатар, айтарлықтай уақыт өтісімен, адамдардың едәуір бөлігі іс-әрекеттерімен психикалық ауытқудың салдары әлі де барын көрсетеді.
30 жасқа дейін 10 сабақ
Ең қажетті білім мен тәжірибені тек сәтсіздік пен жеңіліс кезінде аламыз. Енді ғана жұмыс істей бастағанда, әрбір елеулі сәтсіздік мансаптың күйреуі ретінде қабылдананды. Шын мәнінде, бұл сынақтар мұқият болу үшін, бір қателікті екінші рет қайталамау үшін беріледі. Бұл мақалада біз жиі кездесетін және өте маңызды болып табылатын 10 қателікті жинап, топтастырдық.
Бірінші сабақ: «сіз армандаған жұмыс» ең қорқынышты түсіңізге айналуы мүмкін
Сіз тап — тамаша жұмыс орнын таптым деп ойладыңыз, бірақ күн сайын жұмысқа деген көңіліңіз суып келеді. Мысалы, мұқтаждарға ілтипатпен көмектесуді армандап, дәріханаға фармацевт болып орналастыңыз. Алайда, келушілердің көптігі сондай, әрбір клиентке жылы шырай танытып, жақсы қарым-қатынас орнатып тұратын уақытыңыз жоқ. Жұмыс сізді қанағаттандырмады, себебі күткеңізді бере алмады. Солай ма?
Өз өміріңді сүр! Басқаларға қарама!
Бір оқырманымыз өз басынан өткен оқиғаны баяндап беріп, саруайымға салынбау жөнінде ақыл-кеңес сұраған болатын. Бұл әр адамға таныс сезім екенін ескере келе, біз оқырмандарымыздың ең үздік жауаптарымен бөлісуді жөн деп таптық.
Менің таныстарымның көбісі оқудан кейін мансап жолын қуып кетті. Жасым 26-ға келсе де, мен өзімді қу тіземді құшақтап қалғандай сезіне бастадым. Өз орнымды таба алмай жүргендеймін. Қазіргі таңда кішігірім компанияда жұмыс істеп жүрмін, алайда айналысып жүрген ісім көңілімнен шығады деп айта алмаймын.
Өзіммен жастас жандардың әлеуметтік желілердегі парақшаларын қарағанда, шыны керек, қызығамын. Олардың амбициялары менікіне қарағанда әлдеқайда жоғары екенін түсінемін. Соңғы кездері өз-өзімді бейшара деп санай бастадым. Менің көңілім әрдайым өзгені, өнерді, саяхатты,жаңа танысуларды қалайтын.
Бірақ, мансапқа келгенде, мен өзімді өзгелермен салыстыра алмаймын. Менің замандастарым менен оқ бойы оза тұр. Бұны мойындау мен үшін өте қиын, бұл сезім мені іштей жеп, қынжылтып барады. Қалай тойтарыс берсем болады?
Жалқаулық. Қалай жеңуге болады?
Мейлі, сіздер бұны еріншектік, жалқаулық, ақымақтық деп атай беріңіздер. Алайда, бұл қасиеттер тек әлсіз адамға ғана тән деп қателеспеңіздер. Себебі, жалқаулықты жеңу оңай. Алдыңа нақты мақсат қоя біліп, жұмысыңа кедергі келтіретін заттарды түсініп, олардан арылсаң болғаны.
Кейде жалқаулықты қызықсыз және қарбалас жұмыс пен ұрыс-керіс тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, еріншектік әділетсіздіктің салдарынан да туындап жатады. Елестетіп көріңізші, топ болып орындайтын тапсырманы сіздің мойныңызға арта салды. Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?Әрине, сіз бейжай куйге түсіп, жұмысқа деген ынтаңыз құм сепкендей басылады.