Қандай бизнес жасауға болады?

Бастапқы капиталсыз бизнес жайлы айта келе,сөз қызмет көрсету туралы болмақ,себебі тауарды сатып алу мен қайта сату үшін қомақты қаражатты керек  етеді. Әрине,тауарды « реализация» бойынша алуға болар еді, бырақ бұл тәсіл бастапқы кәсіпкерлердің көп бөлігіне сай келмейді. Сондықтан оны қарастырмаймыз.

Ғимаратты жалға алып жұмыс істейтін классикалық бизнес пен  тауарды сатып ала отырып жұмыс істейтін қызмет көрсету бизнесін  өзара салыстырайық.

Бұл мысал, бастапқы қаржысыз бизнесті ашудың тиімділігін көрсетеді.

Бизнес-бір жағынан үлкен мүмкіндік,ал бір жағынан үлкен тәуекел екендігі барлығымызға мәлім. Алайда,туындайтын қатерлерді  минимумға шектесек, бастапқыда айтып өткен бірінші пунктімізге қол жеткіземіз, яғни үлкен мүмкіндіктер пайда болады.

кандай бизнес

Төменде мен кішігірім бизнесті сипаттайтын екі кәсіпкерлік жобаның негізгі көрсеткіштері бойынша салыстыру жүргіздім. Қандай бизнес жасауға болады?

Бастаушы екі кәсіпкердің жобаларын салыстырайық: Маржан және Айсұлтан.

Екеуі де жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және коммерциялық қызмет көрсетуді бастады.

Маржан жеке репетитор, ал Айсұлтан ерлерге арналған костюм дүкенін ашты. Екі кәсіпкер де өз істерінің маманы екенін ескере кетейік. Маржан жақсы педагог, ал Айсұлтан костюм жағынан хабары бар.
Маржан мен Айсұлтанның бизнес-жобаларын салыстыру кестесі:

Бизнесті бағалау өлшемдері Маржан  — репетитор Айсұлтан – костюм дүкенінің қожайыны
Бастапқы қаржылай салым Минималды Заттай
Периодты қаржылай салым Минималды Заттай
Уақытша тоқтау Орташа Орташа
Техникалық қиындығы оңай Айтарлықтай қиын
Бизнес өрлеуі Жоғары дәрежелі қызмет Төмен дәрежелі қызмет
Бәсекелестік Жоғары Жоғары
Кірістін өсуі Төмен Орташа
Шығыссыз уақыт өте жылдам Өте ұзақ
Рынок (сұранысқа ие болуы тауар/қызмет) Айтарлықтай жоғары Айтарлықтай жоғары

Әрине, бұл терең зерттелген сараптама болмағандықтан, толықтай кемшіліктерді көрсете алмаймыз. Бырақ,соның өзінде Маржанның қатерге бас тігетінін көре аламыз. Ал бастаушы кәсіпкердің мақсаты-келетін қатерлерді барынша азайту.

Ең қызығы, Маржанға айына 200 000 теңге табыс көру үшін, 50 000 теңге көлемінде салым салуы керек (жолға кететін ақша, жарнама, байланыс, салық)

Ал Айсұлтанга анағұрлым жеңіл түспек, оған айына 200 000 теңге кіріс көру үшін,периодты түрде 1 000 000 теңге салым салуы қажет екен ( тауардын бағасы, ғимараттың жалғасы, қымбат жарнама, жоғары салық, тауарлық құрылғылар, жұмыскерлердің еңбек ақысы және басқа қажеттіліктер)

qandai biznes

Мынадай қорытындыға келсек болады:

  1. Өз жұмысын басынан ( минималды салыммен) бастар кезде ( ақша, байланыс, клиенттік база және т.б сияқты қайнар көзіңіз жоқ болса).
  2. Барлығын бірден мінсіз жасауға тырыспаңыз. Оның орнына ісіңізді тиянақты әрі сапалы істеуге ұмтылыңыз. Бұл сіздің уақытша қаржылық шығындарыңызды төмендетеді.Қаржысыз немесе минималды салым сала отырып сіз өз бизнесіңізді аша аласыз.
  3. Өзіңіздің мықты қасиеттеріңізді анықтаңыз және өзіңіз жайлы жарнамалар көмегімен және жеке мәліметтеріңізді жариялаңыз.

Әлбетте,жобаңызды іске асырудағы басты шартыңыз-еңбек ету.

Есіңізде болсын,тек еңбек қана нәтижеге алып келеді.

Тек жобаңызды  іске асыру барысында  сізде қаржының ең болмағанда аз көлемі бар екеніне көз жеткізіңіз. Себебі, ісіңіз бастау алғанмен, сіз ойлағандай жобаңыз қомақты кіріс әкелмеу ықтималдылығы бар, сонымен қатар алдынғы шығыстарыңызды өтеу керектігіңізді ұмытпағаныңыз жөн.

Оставить комментарий

  Подписаться  
Уведомление о