Соңғы бірнеше айда, сіз девальвацияны күтіп, жаһандық экономика, АҚШ доллары жайлы мағлұмат жинап, барған сайын «дағдарыс» және «кризис» сөздерін жиі естіп жүрген боларсыз. Әсересе, Қазақстанның азаматы болсаңыз. Мүмкін, бұл жағдай тікелей сізге қатысты шығар,өкінішке орай, сіз жұмыс орныңызды жоғалтып, немесе тұрақты жұмысқа, жоғары жалақыға қол жеткізе алмай жүргендердің қатарынан боларсыз.
Шындығында, дағдарыстар әрқашан болған және әрдайым болады . Және мұндай сәттерде қорқыныш еселене түсіп, белгісіздік пен күмән пайда болады. Алайда, кез келген таяқтың екі ұшы болғаны сияқты, дағдарыстың да басқа жағы да бар. Мүмкін, өмірдің өзі батылыңыз жетпей жүрген іске итермелейтін болар?! Қиын уақыт әрқашан серпініс жасауға және алға қадам басуға себепкер болған.
Табысты жобалардың көбі дағдарыс уақытында жүзеге асырылған,себебі олар белгілі бір мақсатқа бағытталған, ал құрушылар артқа қайтар жолдың жоқ екенін жақсы түсінген. Дағдарыс — бұл арманды іске асыруға ең қолайлы уақыт . Және бұны дәлелдейтін 7 себеп:
1. Сіз экономикалық сынақтарға бейімделесіз
Егер сіз кіріс пен табыстың жаңа көзін ашқыңыз келсе, өзіңізге жайлы, жылы аймақтан шығыңыз. Дағдарыс жағдайында кәсіпті бастау үшін, сіз кез келген сынаққа дайын болуды үйренуіңіз қажет. Барлық ұлы жаңалықтар мен ішкі трансформациялар сыртқы әсерлерден пайда болып жатады. Әрине,заңды құбылыс. Сондықтан, кейде ең дұрыс шешім — бұл тығырыққа тірелгенде қабылданған шешім.
2. Нарықтан әлсіз ойыншылар кетеді.
Тыныш экономикалық атмосфераға үйренген кәсіпкерлер, кейде нарықта орнаған түбегейлі өзгерістер жеңе алмай жатады. Көбісі тауардың көлемін азайтып немесе тіпті кәсібін жауып жатады. Қарсыластар азайып барады. Сондықтан, дағдарыс уақытында нарықта бар тауардың бәрін басып озатын үздік өнім жасауға болады.
3. Сізге кәсіби қызметкерлерді жалдауға болады.
Дағдарыс кезінде көптеген талантты мамандар өз жұмыс орындарын жоғалтады,және сіз үшін ақылға қонымды бағаға қызметкерлерді табуға болады.Сондай-ақ, өз командаңызды басқара алу үшін, өз білім деңгейіңізді көтеру қажет. Және бизнесіңізді бағыттаудың дұрыс жолын түсіну қажет. Ал бұл үшін сізге нақты тәжірибе мен ақылды маркетинг қажет.
4. Сіз басшылыққа тәуелді болмайсыз
Күн сайын таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыста отыру , қатаң белгіленген кезде ғана демалысқа барып, демалыс күндері жұмыс істеу- бұл сіз армандаған іс емес. Келісесіз бе?. Егер сен өз жұмысыңды жақсы көріп және мансап жолында көтеріліп келе жатсаңыз, сіздің жолыңыз болды. Бірақ барған сайын жалдамалы жұмысшылар өз кісібі жайлы ойлана бастайды, әсіресе әйелдер. Сондай-ақ, әлемдегі зерттеулерді назарға алсақ, соңғы кездері әйелдер арасында жеке кәсіп ашқандар саны өсіп келеді.
5. Сіз қиындықтарды батыл түрде еңсересіз.
Кәсіптің қасқырлары экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсетіп, мақсатына сенімді ұмтылған кезде пайда болады. Дағдарыс кезінде ойлануға уақыт жоқ — сіз осы мақсатқа жету үшін белсенді және батыл әрекетке көшуіңіз қажет. Бұл тәжірибе, шыдамдылыққа және қиындықтарға төтеп беруге үйретеду. Осының арқасында, сіз дағдарыстан кейін өзбизнесіңізді оңай басқара аласыз.
6. Сіз табыс деңгейін арттыра аласыз.
Кәсіби кәсіпкерлер жалдамалы қызметкерлерге қарағанда көп табыс табуға бейім. Өз бизнесіңізде ешкім табыс мөлшерін белгілеп бере алмайды. Бұл менің жалдамалы жұмыс кетіп. бизнеспен айналысуға итермелеген ең маңызды дәйектердің бірі болған. Кәсіпкер атану үшін, бизнестің қыр-сырын үйрену қажеттілігі туды. Ал,нәтижесі бүгін көрініп тұр.
7. Сіздің болашағыңыз өзіңізге байланысты.
Өз кәсібіңізді ашып, сіз ешкімге тәуелді болмайсыз. Әрине, алдымен, аянбай еңбек етіп және көп нәрсені үйрену қажет. Бірақ дәл осыны сіз жалдамалы жұмыста күн сайын атқарып жүрген жоқпысыз? Айырмашылық тек қана сіз оны біреу үшін жасайтыныңызда. Өз бизнесіңді бастап, сіз ешкімге қарамайсыз, тәуелді болмайсыз. Қалаған уақытыңызды отбасыңызға және жақсы көретін іске арнауыңызға болады. Ең бастысы, шешім қабылда және оның жүзеге асуы үшін еңбектене баста!
Енді әрекетке көшетін уақыт жетті. Бұл ең қиын қадам, сонымен қатар ең маңызды болып табылады. Тоқтама, нарықты зертте, сынақ қой, әлеуетті клиенттермен қарым-қатынаста бол, сондай-ақ ең бастысы – өз ісінің үздіктерінен үйренеміз. Жеке тәжірибеден ғана сіз дағдарыс бұрын елеусіз қалған қалауларыңызды жүзеге асыруға көмектесетін таңғажайып жол екенін түсінесіз. Енді әрекет көш және жеңіске ұмтыл!
Оставить комментарий