Бәріне сәлем! Бүгін мен ауылдағы бизнес түрлерімен айналысу керек деген ақырыпта кең ауқымды әңгіме еткім келеді. Балалық шағым Атырау маңындағы ауылда өтті. Сонау уақыттың өзінде досым екеуміз Оралдан ұсталынып әкелінген балықпен сауда жасай бастадық. Алайда ол кездерде менің бизнес жайлы хабарым болмай,уақытша табыс көрумен айналыстым (небәрі 13 жастарда едім), сол кездерді артқа қайтарса, үлкен бизнеске айналдырар едім.
Бірақ қазір мен қалада тұрамын және бизнес көзі де басқа. Соған қарамастан ауылда өз бизнесін ашқысы келетіндерге қорытынды жасап беремін.
Мақаланың демеушісі Eginshi.kz — Егіншілерге арналған портал
КСРО құлағаннан кейін ауылдардың қаңырап қалғаны ешкімге құпия емес. Үкімет тарапынан қаражат бөлінбеді,бырақ соңғы жылдар аясында жағдайлар өзгерді. Өз бизнесінің арқасында пайда көріп қана қоймай, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ететін фермерлік қожалықтар пайда болды.
Өз бизнесіңізді көтеріп қана қоймай, ауылыңыздың дамуына үлес қосатын адамдардың қатарына кіре аласыз
Ауылдағы бизнес түрлері
Ауылдағы бизнес түрлері бірнеше данаға бөліп қарастырамын :
- Ішкі саудаға бағытталған бизнес. Яғни ауылдағы сауда. Бұл түрге 1000 тұрғыны бар,толығымен дерлік күйреуге ұшырай қоймаған ауылдарды жатқыза аламыз.
- Сыртқы саудаға бағытталған бизнес. Бұл ауылдағы бизнес түрін кез-келген ауылдарда дамытуға болады. Және өнімдік тауарларды жақын маңдағы қалалардан алған жөн.
Ішкі саудада жұмыс істеген күрделірек. Сыртқы саудаға бағытталған бизнес әлдеқайда тиімді. Сонымен бастайық.
Егер сізде ауылда кішігірім үй мен қожалығыңыз бар болса, қосымша қаржылай салымсыз бизнесіңізді бастай аласыз. Не жайында әңгіме болмақ? Мысалы,сіз:
Сатылымға кететін көкөніс, жеміс-жидектер, саңырауқұлақ және т.с.с өсіре аласыз. Бақша мен минималды еңбек құралдарыңыз бар болғандықтан, мол жеміс алу үшін ғана тер төгуіңіз керек. Ал дайын өнімдерді сіз өз бетіңізбен базарларда сатып, дүкендерге немесе мейрамханаларға, алып-сатушыларға өткізе аласыз (бырақ бұл тәсіл фермер үшін тиімсіз болмақ). Тыңайтқыштар, өнімді қатпайтын қапшықтар, жол ақысы сияқты қосымша шығыс көздеріне 250 000 теңге көлемінде қаражат кетеді.
Осыған ұқсайтын аулдағы бизнес — сүт өнімдері мен малшаруашылығымен айналысуға болады. Табысыңызды жақсарту үшін, ерекше өсімдік, мал немесе құс түрлерін өсіруді қолға алып көріңіз. Мысалы, түйеқұс, шаяндарды өсіре отырып,оларды жақын арадағы мейрамханаларға жақсы ақшаға сата аласыз. Бірақ түйеқұсты өсіру үшін, ең алдымен балапандарды сатып алып,жақсы жағдайларда өсуін қамтамасыз ету үшін 400 000–500 000 теңге көлемінде ақша қажет.
Табысты бизнесті омарта арқылы ұйымдастыруға болады. Бал саудасы әрқашанда тиімді іс болатын. Бастапқы салым омарта мен керекті құрылғылар үшін 400 000 теңгені құрайды. Бырақ, мұндай бизнес түрімен айналысу оңай іс емес екенін білу керек. Жемісін жеу үшін: жергілікті жердің ауа-райын, табиғатын, балды алатын өсімдіктер жайлы ескерген абзал.
Бырақ өз бизнесіңді бастау үшін міндетті түрде бақшаға тәуелді болмаса да болады. Мысалы:
Орман ору, құрылысқа қажетті материалдарды өңдеу, кейіннен құрылыс дүкендеріне жекелеп қана қоймай, топтап сатуға болады. Шынымен де бұл қатты тиімді бизнес түрі емес, алайда өнімді дұрыс өсіріп, өңдеп отырса жақсы табысқа қол жеткізуге болады. Ағаш өңдейтін құрылғы цехін ашу үшін шамамен 1 000 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін қаржы жұмсауыңыз керек (құралдардың саны мен сапасына байланысты).
Жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін өтейтін құралдар мен өнімдері бар дөңгелекті дүкен. Ауылда дүкендердің аздығы мен тұрғындардың тауар үшін көрші ауылдарға бару керектігін ескере отырып,бұл айтарлықтай тиімді бизнес болмақ. Көлікті сақтандыру, жол ақысы, жөндеуден өту және т.б сияқты шығындары бар екенін ұмытпаған жөн. Тауарлы объект көзі болғандықтан СЭС рұқсаты тағы керек. Сонымен қатар кассалық аппарат пен келісім қажет. Автодүңгіршек алу үшін 1 000 000 теңгедей керек (егер жаңа емес екенін ескерсек).
Ауылдық туризм – қызықты әрі даму үстіндегі бизнес түрі. Егер сіз үлкен үй иесі болып, ондаған қонақты күте алсаңыз, қала шуылынан шаршап, демалысын ауылдық өмірді көрумен өткізгісі келетін адамдарды шақыра аласыз. Үлкен үй, монша, сапалы байланыс пен ғаламтор,керемет табиғат аясына көрініс, орман немесе көл болса, сіздің тиімді бизнес аша алатын мүмкіндігіңіз жоғары. Бұл бизнес түрінің кемшілігі-маусым. Ауылдық туризм бағасы 150 000 теңге болатын жақсы жарнаманы талап етеді. Уақыт өте келе бизнесіңіз сәтті болса,бірнеше қонақ үйлерін салуға немесе жалға алуға болады.
Ауылдық бизнесіңізді бастай отырып, міндетті түрде өніміңізді жариялайтын сайтыңызды ашыңыз.
Бизнес ашуға қаржыңыз болмаса, бизнеске ақша қайдан алуға болады деген мақаламыздан оқи аласыз.
Айтарымыз осы! Сәтті бизнес тілейміз!
Оставить комментарий